Департамент бастығының орынбасары Ирина Якупова, бұл шараның сотталған кәмелетке толмағандардың арасында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткізіліп отырғанын айтты.
Қайырымдылық концерт Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ мемлекеттік циркінің бас диркторы Қыдырхан Бөлебековтың қолдауымен өтті.
«Колония тәрбиеленушілерінің алдарына аң үйретуші С. Парватов маймылдарымен, жылан арбаушы Владимир Бороденко, акробат Ақбаевтардың отбасы, гимнасшы Дария Сүлейменова және мәздемдер - ағайынды Қамашевтар шыққан кезде, олардың қуанғандарын көрсеңіздер», - дейді И.Якупова.
Мұндай шаралар тек мәдени деңгейді көтеріп қана қоймайды, сонымен бірге режимдік нысандағы оперативті жағдайға да оң әсерін тигізеді, дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.