Жаңа құрылым университеттің ректоры, профессор Мақсұт Нәрікбаевтың бастамасымен ашылмақшы. Клубқа арнап университетте арнайы жабдықталған бөлме жасақталды. Оның таныстырылымы ертең, 8 ақпанда осы оқу орнында өтеді.
Клуб қызметінің мақсаты - Қазақстанда ғылымды дамытуға, неғұрлым маңызды және болашағы зор ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жасалымдарды жүзеге асыруға, ел экономикасына ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуге, ғылыми-инновациялық қызметті дамытуға барынша жәрдемдесу болмақ.
Клубтың алғашқы құрылтай отырысына ҚР Ұлттық ғылым аадемиясының академиктері мен мүше-корреспонденттері шақырылды. Алғашқы басқосуда клуб президентін сайлау, Жарғысын бекіту және басқа да ұйымдастыру шаралары қаралады.