АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Уфа» клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның «Левски» командасына жалға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде «Уфа» клубы
жария етті. Аталмыш жаңалықты «Левски» де ресми түрде
растады.
Еркебұлан ресейлік клубқа 2018 жылдың қыс мезгілінде «Тараз» командасынан ауысып келді. Осы уақыт аралығында «Уфа» құрамында 4 ойында жасыл алаңға шықты. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 6 кездесуге қатысты. Қарсыластар қақпасына 2 гол соқты.
Бұдан бұрын оны Алматының «Қайрат» командасы құрамына қосылатыны жайында айтылған еді. Дегенмен бұл әңгіме расқа айналған жоқ.
Болгария астанасы - София қаласының намысын қорғайтын «Левски» клубы 1914 жылы құрылған. Бүгінге дейін өз елінің 26 дүркін ел чемпионы атанды. Биылғы біріншілікте екінші орында келеді. «Левски» бүгін, 1 наурызда сырт алаңда Софияның «Славия» командасымен кездеседі.
Бұдан бұрын «Уфа» басшысы «Қазақ Мессиінің» болашағы туралы айтқаны
хабарланған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.