Еске салайық, наурыздың 23-нен 24-не қараған түні Қазақстан құрамасы Будапеште Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасының тарихында гол салған ең жас спортшы атанды. Венгриямен матч күні ол 18 жас 1 ай 20 күнге толды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атағы Сергей Хижниченкоға (18 жас 2 ай 23 күн) тиесілі болған.