Видео ресейлік команданың жаттығып жатқан кезінде түсірілген.
«Сен қайталай аласың ба?» деген жазбамен бірге жарияланған роликте Еркебұланның бұрышта тұрып, тұп-тура қақпаны көздеп гол салғаны бейнеленген.
Еске салайық, өткен сенбіде Сейдахмет осы маусымда «Уфаның» негізгі құрамында алғашқы матчын өткізді. Сергей Томаровтың ұжымы мәскеулік ЦСКА-дан (0:3) ұтылып қалды. Еркебұлан 68-ші минутта Павел Аликиннің орнына шығып, 85-ші минутта сары карточка алып қалды.