Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты екі дипломдық бағдарлама аясында 150 грант бөлді

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

АҚТАУ. KAZINFORM — Yessenov University базасында ашылған Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты екі дипломдық бағдарлама бойынша студенттерге Германияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алып, неміс стандарттарына сай диплом алуға бірегей мүмкіндік береді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғандай, бұл түлектердің алдында халықаралық мансаптық мүмкіндіктерге есік ашады және тұрақты дамуға мүмкіндік береді. 

Білім беру бағдарламалар тізімі: 

Энергетика және экологиялық инженерия (Физика және Математика) 
Логистика (География және Математика) 
Мехатроника (Физика және Математика) 
Өнеркәсіптік менеджмент (География және Математика) 
Технологиялық инженерия (Физика және Математика) 

Грантқа өтініш беру үшін ҰБТ-да кемінде 60 балл, әрбір секция бойынша кемінде 6 балл жинау қажет. Мемлекеттік грантқа өтініш беру 24 шілдеге дейін жалғасады.