Ф.Шәріпова 1936 жылы 16 желтоқсанда ҚХР Шәуешек қаласында туып өскен. 1955 жылы Алматы Мемлекеттік өнер институтын тәмамдап (қазіргі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерватория), М. Әуезов атындағы драма театрына қабылданды. Қазақ актрисасының шығармашылығы қазақстандық көрермендерге «Сүйікті менің әуенім» спектакліндегі Жәмиля, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анадағы» Толғанай, М.Әуезовтың «Абайындағы» Ажар, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағы» Баян (Ғ.Мүсірепов), «Еңлік-Кебектегі» Еңлік, «Қаракөздегі» Қарагөз, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен Теріндегі» Ақбала ролдерімен танымал.
1967 жылы «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Толғанай ролі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекттік сыйлығына ие болды. Ал 1974 жылы Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен Тер» спектакліндегі Ақбала бейнесін шығарғаны үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1995 жылдан бастап Ф.Шәріпова киноға түседі.
1969 жылы «Вьетнам жұлдызы» спектакліндегі Хиен ролі үшін Ф.Шәріпова Азия және Африка елдері және Вьетнамды қолдау комитетінің грамотасымен марапатталды. Көп жылдар бойы театр және көркемөнер институтында ұстаздық қызмет атқарады.
1996 жылы М.Әуезов атындағы театрда Ф.Шәріповаға арнайы жазылған С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» спектаклі жарыққа шықты. Басты ролді Ф.Шәріпова өзі ойнады.
Кино өнерінде дубляж қызметін шебер орындаушы Ф. Шәріпова «Менің атым Қожада» Қожаға, «Қыз Жібектегі» Жібек, «Девушка джигиттегі» Ғалия, «Ботагөздегі» Ботагөз, «Гауһартастағы» Салтанат, «Тақиялы періштедегі» Айша бейнелерін сөйлете білді.
Марқұммен қоштасу рәсімі 27-нші қыркүйек күні сағат 10.00-де М. Әуезов театрының ғимаратында өтеді.