Әбілтаев домбырада төрт жасынан бастап ойнап келеді. Бірінші ұстазы - әкесі болған. Оның домбырашы ретінде қалыптасуына Көшелі, Кәмеш, Серкебай сияқты белгілі күйшілер үлкен ықпал еткен. Ол Құрманғазы, Дина, Абыл, Мәмен күйлерін шебер орындайды. Соңғы жылдары композитор ретінде де таныла бастады. Ол - қазақстандықтарға жақсы танымал күйлер мен әндердің авторы. 1972-75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975-85 жылдары шығармашылықпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985-88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық Құрманғазы қорының төрағасы болған. "Ұлытау" атты күй-кітабы мен "Ордабасы" дейтін күйтабағы шықты. Қазақ телевизиясы бойынша "Yкілі домбыра", "Домбыра дастан" бағдарламаларын жүргізді. Әбілтаев - "Домалақ ана", "Шақшақ Жәнібек", "Бекет-Ата", "Қыдыр кезген Қызылқұм", "Елбасы" күйлерінің, "Қожа Ахмет Иасауи", "Жер ұраны - Ұлытау", "Ордабасы", "Құрманғазы - күй дүлдүлі", "Мұстафа Шоқай туралы толғау", "Түркістан" музыкалық-толғауларының авторы. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1980 жылы). 1994 жылы Измир қаласында (Түркия) өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан(жыршы) атағын алған.« Жастар одағы» сыйлығының иегері (1980). 1994 жылы Түркияның Измир қаласында өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан ( жыршы- жаршы) атағын алған. Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған.
17:11, 19 Тамыз 2014
Қазақ өнерінің саңлақтары: Шәміл Әбілтаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шәміл Әбілтаев - домбырашы, композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1948 жылы Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Қ. Жантілеуов пен К. Мұхитовтың домбыра класын) бітірген.