ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан «Дәуіт-ата» шекара бекетінің аумағында салынып жатқан кеден терминалының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті
Өзбекстанның Кеден комитетінен мәлім еткендей, 6 гектарды аумақты қамтып жатқан терминал заманауи тексеру, рәсімдеу құрылғыларымен жабдықталған.
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті
Атап айтқанда, кеден бекетінің жанында 350 жүк көлігі сиятын тұрақ, қонақ үйлер мен техникалық қызмет көрсету пункттері орналасқан.
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті
Шекара бекетінің ашылуы Қоңырат-Бейнеу тасжолы құрылысының аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Тиісінше бұл «Дәуіт-ата» арқылы өтетін тауар тасымалының артуына ықпал етпек.
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті
Еске сала кетсек, өзбек тарапы қазақстандық «Жібек-Жолы» бекетімен ұштасып жатқан «Гишткуприк» өткізу пунктісіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын биыл аяқтамақ.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.