Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Қапланбек» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен.
Түнгі сағат 23:00 шамасында «Ротар» атты иісшіл ит Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп, белгі берген.
Содан полицейлер күдік туғызған азаматты тексереді.
Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Айғақ ретінде алынған затты полицейлер сараптамаға жіберді.
Нәтижесінде 3 гр-ға жуық «марихуана» екені белгілі болды.
Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде танылған орта жастағы азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді.
Тәртіп сақшылары шекарадан өтпек болған тұрғындарды есірткіге қатысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады.
«Егер сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарлаңыз» деп ескертеді полиция.