«Біз 2017 жылы салықтық және кедендік тексерулердің санын 45 пайызға қысқарттық. Енді біз Министрлік алдына қойылған жаңа міндеттерді есепке ала отырып, штат санын оңтайландыруға кірісетін боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырған шамамен 600 штат бірлігін қысқартамыз және басқа жұмыс учаскесіне ауыстырамыз», - деді ол.
Оның айтуынша, ең алдымен қазақ-өзбек шекарасында тауар ағымының өсуіне және Өзбекстанмен үкіметаралық келісім бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты кеден қызметі үш бекетте тәулік бойы жұмысы режіміне ауысады. Бұған басқа, 2 жаңа бақылау өткізу пункті құрылады. Оларға шамамен 124 адам қызметкер қажет.
«Екіншіден жұмыс режімі 24/7 жаңа теңіз порты аумағындағы «Құрық» өткізу пунктін толық жасақтау қажет. Оған шамамен 77 адам маман керек. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында кеден бекеттерін вахта әдісіне көшіру жұмысы ұсынылады. Мұнда да қосымша штат қажет», - деді Бақыт Сұлтанов.