Айта кетейік, «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде өтіп жатқан бағдарламаға Ақмарал есімді ана хабарласқан еді. Оның 4 жастағы Айсəуле есімді баласының қос бүйрегі де дертке шалдығып, жұмыс істемейтін халге түсіпті. Қазір қан тазарту құрылғысының көмегімен ғана өмірін жалғастырып жатыр екен. Ана осы жайды айтып тыңдармандардан көмек сұрады. Эфир барысында хабарласқан тыңдарманның бірі баланың анасының телефонын сұраған. Сəл кейінірек, сол хабарласқан азаматтың бүлдіршіннің ем-домына 40 мың АҚШ долларын беретіні белгілі болды. Эфирге хабарласқан Айсəуле Жамбыл облысы Шу ауданында тұрады. Қазір Алматының Ақсай балалар ауруханасында ем алып жатыр екен.
«Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай: «Жақсы адамдардың бар екені даусыз. Соған тағы бір көз жеткіздік. Алдағы уақытта Айсәуленің жағдайы мен кәсіпкер көрсеткен көмекті толығырақ айтамыз»,- деді. Əзірге кəсіпкер өз есімін жарияламауды өтініп отыр. Естеріңізге салар болсақ, «Жан жылуы» бағдарламасы Қазақ радиосының эфиріне биылғы сəуір айынан бері шығып келеді. Аптасына екі рет тікелей эфирде өтетін бағдарлама түрлі дертке шалдыққан жандарды емдету мəселесін көтеріп, қоғамның назарын аударуды көздейді.