«Шетелдік деректерге ғана арқа сүйеп қазақтың тарихын жазуға болмайды. Ол осы жерде сан ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан халықтың биологиялық, лингвистикалық және тағы басқа да осындай бірегей ұлттық ерекшелігінің негізінде жазылуы тиіс. Қазақ жерінде осыдан 4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың бет-бейнесі қазіргі таңда халықтың 30 пайызында сақталып қалған. Олардың қан жүйесі, тісі, бет-пішіні тектік жағынан өте ұқсас. Тіпті 5 мың жылдық 5-6 сүйек табылып отыр, олар нашар сақталған. Дегенмен, осындай артефактілерді көбейтсек, қазақтың 5 мың жылдық тарихын толық дәлелдеп шығуға болады», - дейді тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов.
Ғалымның айтуынша, қытайлар өз ұлтын дәріптеп, «Қытай өркениетінің 5 жыл жылдық тарихы бар. Ол біртұтас және бөлінбейді» деп жазып қояды. Қазақ сияқты биологиялық, лингвистикалық жағынан біртұтас халық әлемде өте аз.
18:55, 02 Тамыз 2013
Қазақ сияқты биологиялық, лингвистикалық жағынан біртұтас халық әлемде өте аз - антрополог Оразақ Смағұлов
АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақ халқының 5 мың жылдық тарихын археологиялық қазба жұмыстары арқылы дәлелдеуіміз керек. Бұл туралы бүгін Алматыда «Shejire DNA» ДНҚ-генеалогиялық ғылыми орталығының Орталық Азиялық жаңа жобасын таныстыру кезінде айтылды.