Қазақ спортшыларының жарқын жеңісі
АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі туралы баяндады.
Ауыр атлетика: Елордада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, 21 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.
Құзға өрмелеу: Францияның Шамони қаласында өткен құзға өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама мүшесі Ришат Хайбуллин күміс жүлдеге ие болды.
Таеквондо: Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында ұйымдастырылған командалық әлем кубогінде Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Құрама сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев және Нұрбек Ғазез өнер көрсетті.
Теннис: Нидерланд астанасы Амстердамда өткен Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 турнирінде отандасымыз Айым Қанағатова чемпион атанды.
Күрес: Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты медаль жеңіп алды.