Қазақ спортшыларына Олимпиада кезінде ораза тұту міндеттеле ме?

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Биылғы Лондонда өтетін олимпиада ойындары Рамазан айына сәйкес келеді. Жазғы ойынға шамамен 3000 мұсылман спортшы қатысады деген Халықаралық Олимпиада комитеті, Рамазан айында осыншама мұсылманның

ораза тұтуы ойынның қызу бәсекесіне кесірін тигізуі ықтимал деп алаңдаулы. Өйткені, Сауд Арабиясы немесе Иран сияқты ислам мемлекеттеріндегі олимпиада комитеті спортшыларға ораза тұтуды талап етуі мүмкін. Бұл туралы BAQ.kz порталы жазады.

31 арнаның хабарлауынша, Тіпті, Оразаны кейінге қалдыру мәселесі кейбір мұсылман елдерінде айыпталуы ықтимал.
Арнайы зерттеу жүргізген халықаралық комитет, жарыстар мен сайыстардың көбін таңертең ерте өткізуді қарастырып жатыр қазір. Сондай-ақ, олимпиада барысында мұсылман спортшылардың ауыз бекітулеріне жағдай жасалады деп хабарлап отыр. Ал, біздегі діни басқармасындағылар, қазақ спортшылары оразасын кейінге қалдырып, артынан өтей алады. Бұл міндет жолаушы мұсылмандарға жеңілдетілген. Осы жеңілдікті пайдаланулары тиіс дейді.
НҰРБЕК ЕСМАҒАНБЕТ,  ИМАМ:
-Егер кімде кім жолаушы не сырқат болса, парызын басқа күндері өтесін деген. Біздің спортшылар ел намысын қорғауға бара жатыр. Сондықтан келген соң қарыз күндерін артынан өтеуіне болады.