Алтын жүлдені 74 келі салмақта Мақсат Орынбасар жеңіп алды.
Ал күміс жүлдеге Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралхан (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабев (87 кг) және Нодира Ахмедова (49 кг) қол жеткізді.
Ал үздік үштіктен көрініп, қолаға қол жеткізген спортшыларымыз — Артур Серік (54 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шуленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг) және Камила Аймұқашева (62 кг).
Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Қазақстан құрамасы үшін бұл 2025 жылдағы алғашқы халықаралық жарыс.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан WT таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Кazinform тілшісіне арнайы сұхбат беріп, жаңадан жасақталған отандық федерацияның аз ғана мерзімде істеген жұмыстарына баға бергенін жазған болатынбыз.