Қазақ тілді БАҚ арасында президенттік сайлау кеңінен талқыға түсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасында президенттік сайлау кеңінен талқыға түсуде. Бұл туралы бүгін «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының «Сайлау науқаны кезінде интернет ресурстарының рөлі» тақырыбына арналған отырысында мәлім етілді.

«Ақпан айында қазақ тілді БАҚ арасында ең көп талқыланған, ең пікір қалдырылған мақалалар кезектен тыс презденттік сайлауы болды. 16-22 ақпан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын талқыға салынды. Ал 23-28 ақпан аралығында тақырып ауытқып, яғни сайлау технологиялары, сайлауды ұйымдастыру мәселелеріне баса мән берілді», - деді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Алуа Жолдыбалина.

Оның атап өтуінше, бұл тақырыптар мерзімді басылымдарға қарағанда медиа порталдарда барынша кең талқылауға түскен. Сайлауға қатысты пікір білдірген ресурстар мыналар: Абай.кз, Ұлт.кз, Қамшы.кз, Жақсы.кз порталдары. Ал қазақ тілді БАҚ аясында «Алаш айнасы» порталы тек ресми мәліметтермен ғана шектелген.