Байқаудың мақсаты баспасөз журналистері арасында экономикалық және өнеркәсіптік тақырыптар (ҮИИДБ, Индустрияландыру картасы, Жол картасы және т.б.) туралы мақалалардың сапасын арттыру, осы тақырыпқа маманданған үздік журналистерді анықтау және ынталандыру.
Байқауға республикалық, өңірлік, ведомстволық басылымдардың өнеркәсіптік тақырыпқа маманданған журналистері қатыса алады.
Байқау 2012 жыл бойы өткізіледі. Қорытындысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады (16.12.12).
Қазылар алқасының құрамы
1. Сауытбек Абдрахманов - қазылар алқасының төрағасы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті;
2. Елеусін Сағындықов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
3. Мұрат Әбенов - ҚР Мәжілісінің депутаты;
4. Ибрагим Еділбаев - «ENRC Kazakhstan» ЖШС Президентінің Бас кеңесшісі;
5. Ерзат Тұрсынқұлов - ENRC корпоративтік коммункациялар департаментінің бөлім бастығы.
Мақалаларға қойылатын талаптар
*Мақалалар өндірістік және экономикалық тақырыпқа болуы қажет;
* Мақалалар республикалық, өңірлік, ведомстволық қазақ тілді басылымдарда 2012 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның атауы, мерзімі мен авторы көрсетілуі керек;
* Кемінде үш мақала (түпнұсқа) қабылданады;
* Мақалалар 2012 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады;
* Мақалалардың көлемі шектелмейді;
* Мақалалар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Мақалаларды бағалау өлшемдері
* Ақпараттық құндылығы.
* Сараптамалық тереңдігі.
* Тақырып өзектілігі.
* Журналистік шеберлігі.
Байқау жеңімпаздарына белгіленген сыйлықтар
Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы мына орындардың жеңімпаздарын анықтайды.
1-орын - бір аталым.
2-орын - екі аталым.
3-орын - үш аталым.
Сонымен қатар, конкурста «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталады.
Конкурс жеңімпаздары үшін 2 миллион теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген.
Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекен-жайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: тел: 7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, press@kz.enrc.com
Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.