Қазақ тілді журналистер арасындағы ІІІ шығармашылық байқауы басталды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» респуб­­ликалық газетімен бірге ІІІ шығарма­шылық «Алтын қалам» байқа­уы­ның басталғандығы туралы хабарлайды.

Байқаудың мақсаты баспасөз журна­лист­ері арасында эконо­ми­калық және өнер­кәсіптік та­­қы­рыптар (ҮИИДБ, Индустрияландыру картасы, Жол картасы және т.б.) туралы мақалалардың сапасын арттыру, осы тақы­­рып­қа маманданған үздік жур­на­­­лист­­­ерді анықтау және ынталандыру.

Байқауға республикалық, өңір­лік, ведом­стволық басылым­дардың өнеркәсіптік та­қырыпқа маманданған журналистері қа­ты­са алады.

Байқау 2012 жыл бойы өткі­зіледі. Қоры­тындысы Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады (16.12.12).

Қазылар алқасының құрамы

1. Сауытбек Абдрахманов - қазылар алқасының төрағасы, «Егемен Қазақстан» республика­­лық газеті» АҚ президенті;

2. Елеусін Сағындықов - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

3. Мұрат Әбенов - ҚР Мәжілісінің депутаты;

4. Ибрагим Еділбаев - «ENRC Ka­zakh­stan» ЖШС Пре­зидентінің Бас кеңесшісі;

5. Ерзат Тұрсынқұлов - ENRC корпо­ративтік коммункациялар департаментінің бөлім бастығы.

Мақалаларға қойылатын талаптар

*Мақалалар өндірістік және экономикалық тақырыпқа болуы қажет;

* Мақалалар республика­­­лық, өңірлік, ведомстволық қа­зақ тілді басылымдарда 2012 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның атауы, мерзімі мен авторы көрсетілуі керек;

* Кемінде үш мақала (түп­нұсқа) қабыл­данады;

* Мақалалар 2012 жылдың 30 қарашасына дейін қабылда­нады;

* Мақалалардың көлемі шектелмейді;

* Мақалалар рецензияланбайды және кері қайтарыл­майды.

Мақалаларды бағалау өл­шем­­­­дері

* Ақпараттық құндылығы.

* Сараптамалық тереңдігі.

* Тақырып өзектілігі.

* Журналистік шеберлігі.

Байқау жеңімпаздарына белгіленген сый­лықтар

Конкурс қорытындысы бойынша қазы­лар алқасы мына ор­ындардың жеңім­паз­дарын анық­тайды.

1-орын - бір аталым.

2-орын - екі аталым.

3-орын - үш аталым.

Сонымен қатар, конкурста «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталады.

Конкурс жеңімпаздары үшін 2 миллион теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген.

Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекен-жайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.

Қосымша ақпарат алу үшін хабар­ла­сыңыз: тел: 7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, press@kz.enrc.com

Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.