Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең қолданысқа ие болуы керек - депутат Нұртай Сәбильянов

None
ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең қолданысқа ие болуы керек», - деді бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұртай Сәбильянов.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде өзге ұлт өкілдеріне кінә тағуға болмайды. Өйткені, олар қазақ тілін меңгеруге тырысып бағуда. «Мұнда кері кетіп жатқандар негізінен өзіміздің орыс тілді қазақтарымыз. Алайда біз жағдай осылай болды екен деп жүре бермей, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолданысқа енгізуіміз керек», - деді депутат.