«Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарай алмаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.
16:00, 14 Желтоқсан 2012
Қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ Мемлекеті» деп атайтын боламыз- Елбасы
Астана. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ Мемлекеті» деп атайтын боламыз. Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.