Қазақ тілін дамытудың келешегі талқыланды ? «дөңгелек үстел»

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат – Елордадағы «Iскер» бизнес-орталығында «Мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізудің қазіргі жай-күйі және болашағы» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Отырыстың жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, тілдерді дамыту жөніндегі облыстық және қалалық басқармаларының басшылары, тілші-ғалымдар және басқалар қатысты.Талқылау барысында іс-шараға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның орындалу мәселелерін, мемлекеттік органдарда қазақ тілінде іс жүргізудің жай-күйін, сондай-ақ қазақ тілінің одан әрі дамуына тұсау болып отырған бірқатар проблемаларды қозғады.