Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Мемлекеттік тілді оқудың алдыңғы қатарлы жүйесін құрамыз. Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі қазақ тілін меңгеретін болады»,-деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы педагог мәртебесін арттыруға баса екпін қойылатынын айта келе, оқытушылардың айлығы бизнестегі жалақыға теңестірілетіндігін жеткізді.