Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерімен кездесу болады

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 21 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тіл - достықтың кепілі» атты мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтеді.

Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуге Владислав Цой, Максим Николаев, Юлия Кушнарева секілді мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, университет студенттері, оқытушылары қатысатын болады. Кеш Қазақстан халқы Тілдері мерекесі қарсаңында өткізетін «Тілдер апталығы» аясында ұйымдастырылып, университеттің 55 жылдығына арналып отыр.