деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқау жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында жарияланып отыр. Байқауға қатысуға 14-22 жас аралығындағы жастар шақырылады. Орыс тілі білгірлерініңреспубликалық байқауы 2010 жылғы ақпан - мамыр айларында екі кезең бойынша өткізіледі.
І кезең - аймақтық, ол 2010 жылғы ақпанның 10-ы мен мамырдың 4-і аралығында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша өткізіледі.
ІІ кезең - республикалық, ол 2010 жылғы мамырда Тіл комитеті және Қазақстанның Орыс қауымының ұйымдастыруымен Астана қаласында, Ресей ғылым және мәдениет орталығындаөтеді.
Аймақтық байқау комиссиялары республикалық байқауға қатысушы үміткерді анықтап, оны республикалық байқауға қатыстыру туралы өтініш-хатпен бірге, жинаған ұпайларының қорытындылары туралы хаттаманы және лексикалық-грамматикалық тестінің нәтижесін жолдайды.
Байқаудың бірінші кезеңінің шарттары:
бірінші номинация: лексикалық-грамматикалық тест. Тест тапсырмасын орындау уақыты - 1 сағат.
екінші номинация: жазбаша және ауызша бөлімдерден тұрады:
а) жазбаша бөлім: жеке жазбаша тапсырманы орындау: (ұсынылған тақырыпқа шығарма жазу);
ә) ауызша бөлім: қатысушылар ұсынылған тақырыпқа жұп бойынша диалог құрайды: (билеттік жүйе);
үшінші номинация: кез -келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).
Байқаудың екінші кезең шарттары:
- «Тілдер туыстығы-мәдени туыстық» атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекі және басқа нұсқалары, 3-5 мин.);
- «Тіл - ғасырлар мәдениетінің қайнар көзі» әдеби-мәдениеттанушылық тест. Тапсырманы орындау уақыты - 30 минут;
- Орыс және орыс тілді қазақстандық әдебиет классиктерінің және қазіргі заманғы жазушыларының туындыларынан үзінділерді мазмұндау, мәтінді лингвистикалық-стилистикалық талдау (билеттік жүйе);
- шығармашылық тапсырма «Шабыт жұлдызы»: халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би, көркем сөз оқу және т.б. орындау (үй тапсырмасы).
Тапсырманы орындау уақыты - 5-7 мин.
Республикалық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және лауреат дипломдарымен марапатталады.
Байқауға орыс тілінде оқытатын оқу орындарында және «орыс филологиясы» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ орыс тіліне арналған алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды.