«Достар, 26 мамырдан бастап, Қазақстанның үлкен экрандарына Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде» /«Алиса в Зазеркалье» атты қазақ тіліне дубляждалған фильм шығатыны туралы сіздермен бөліспекпіз», - делінген «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі танда «Aray Media Group» кәсіби дыбыс жазу студиясында режиссер Айжан Жәмшитованың қатысуымен монтаждау және дубляждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Алиса айнаның арғы бетінде» /«Алиса в Зазеркалье» - Льюис Кэроллдың ұмытылмас кейіпкерлері қатысатын әсерлі оқиға. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.