Қазақ тілінде телерадио хабарларды тарату 70% артады

Фото: ҚазАқпарат

2025 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік тілдегі контенттердің үлесін 5%-ға арттыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Масс-медиа» туралы заң жобасы аясында телерадиоарналарды мемлекеттік тілде тарату көлемін 50%-дан 70%-ға арттыру ұсынылды. 1999 жылы қолданысқа енгізілген «БАҚ туралы» заңға сәйкес 50-де 50 еді. 25 жылға жуық уақыттан кейін елдегі трендтер мемлекеттік тіл мен отандық контентті дамыту бағытында өзгерді. Бүгінгі таңда БАҚ-та мемлекеттік тілде шығарылатын контенттің үлесі 80% асты, - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Қазақстан халқының 80% астамы мемлекеттік тілді меңгерген.

«Аталған факторларды ескере отырып, қазақ тіліндегі телерадио хабарларын 70%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды. Ал 2025 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік тілдегі контенттердің үлесін 5%-ға арттыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазір «Масс-медиа» туралы заң жобасын Мәжілістің жұмыс тобы, шетел сарапшыларды, Қазақстанның медиа қоғамдастығы және азаматтық қоғам өкілдері талқылап жатыр», - дейді ол.