«Қазақ тойы» атты бейнебаян ресейлік шоуда үздік атанды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ тойы» атты ермексаздан жасалған бейнебаян ресейлік «Өз-өзіңе режиссер» шоуында үздік атанды.

Клип кейіпкерлері - жас жұбайлар, қыз жолдас пен жігіт жолдас, музыканттар, сонымен бірге қой да бар. Жас жұбайлар «Жар-жар», «Той жыры», «Жұбайлар жыры» әндеріне билеуде. Қуыршақты Марина Некрасова жасаған, скрипкада Виктория Муллагулова ойнады. Видеоға аранжировка жасап, оны жинақтаған оралдық Жұмабек Қаражанов.

2,5 минуттық роликке 700 сурет түсірілген. Әрбірінде кейіпкерлердің ым-ишараттары мен тұрыстары сәл өзгеріп отырған. Кейін мұның барлығын бір видеоға жинақтаған. Мұны түсіріп, кейін оны бір видеоға топтастыру үшін авторларда екі апта уақыт кеткен, деп жазады vsemee.kz.