Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 43 млн теңге жымқырылған - прокуратура

Фото: kaznaru.edu.kz

Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ұрлықты анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Келген шығын — 43,8 млн теңге, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр. 

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 млн теңгеге коммерциялық үй-жайды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.