Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты.
Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.
Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.
Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды.
Осыған дейін Үкіметтің 2024-2029 жылдарға арналған экомәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекіткені туралы жаздық.