Осы іс-шара алдындағы өткен брифингте Академияның кәсіби білім беру мектебінің жетекшісі Светлана Кокшинова өздерінің Бакуге әлемдік балет жауһарларын әкелгенін айтқан. Көрермендер заманауи және қазақ стиліндегі хореографияны тамашалай алады.
Светлана Кокшинова гала-гонцерт Әзербайжанда тұңғыш рет өтетінін айтты. «Бұл жердегі сахна жай ғана таңдалып отырған жоқ, Қазақстан мен Әзербайжан түбі бір бауырлас түркі халықтары»,-деді ол.
Екі елдің де ұлттық хореография академиялары бұрыннан тығыз қарым-қатынаста.