деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекеге орай ҚазҰУ-дың барлық факультеттерінде тіл тақырыбында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» пікірсайысы барысында бірнеше тілді жетік меңгерген студенттер «Қазақстандағы тіл саясаты» тақырыбында сөз жарыстырмақ. Поэзияда қаламын ұштап жүргендер «Ана тілі - ардың тілі» жыр сайысын өткізсе, дөңгелек үстел басында Қазақстандағы өзге ұлт тілінің жай-күйі баяндалады.
Сондай-ақ мерекелік апталық аясында «Менің Отаным - Қазақстан» шығарма жазу байқауы, тақырыптық ашық сабақтар, «Мемлекеттік тіл - айбыным менің» атты әдеби кеш, «Қазақ тілі - қызметтік тіл» тақырыбында сөзжарыс, «Тілге - құрмет, елге - құрмет!» мерекелік кеші, өзге ұлт студенттерінің арасында қазақ тілінде викторина, өлең оқу сайысы, «Қазақ тілін білу қазақстандық патриотизмнің белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.