АСТАНА. Қазақпарат - Қытайдың Цзинань қаласында бокс кеші қарсаңында салмақ өлшеу шарасы өтті. Айқастың басты оқиғасы «Қазақ жауынгері» Елхат Нығметолланың (9-0-1, 1КО) айқасы болмақ. Бұл жайлы Sports.kz хабарлайды.
WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы (53,5 кг.-118 фунтқа дейін) Азия чемпионатының титулына талас жекпе-жегінде Елхат тайландтық Кайонсак Потангпен (25-16, 9КО) күш сынасады.
Айта кетейік, «Қазақ жауынгері» деген лақап атымен белгілі Елхат Нығметолла белгілі отандық боксшы Қанат Исламның (24-0, 19КО) жерлесі. Екі спортшы да Синьцзян провинциясының Іле-Қазақ автономды округінде дүниеге келген.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.