Қазақ жұлдыздары австриялықтарды тәнті етті
03:29, 28 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрияның Гутенбрунн аталатын кішігірім мекенінде қазақ классиктерінің туындылары орындалды. Қазақтың тілін түсінбесе де, Еуропа жұрты баға жетпес өнер мен сұлулықтың тілін түсінеді.
Жиылған халық Мұқан Төлебаев, Латив Хамиди, Ғазиза Жұбанова, Мансұр Сағатов, Евгений Брусиловский секілді басқа да әлемдік классиктер мен қазақтың халық әндерін тыңдап, орындаушыларға тәнті болып қайтты. Қазақ халқының кеңпейіл көңілі мен байтақ даласының дархандығын Австрия жұрты ән арқылы түсінген сыңайлы. Зал толы көрермен шапалақтарын аямай, кеудені кернеген қуаныштарын жасыра алмады. Бұның барлығы әншілерге көрсетілген құрмет еді, деп жазады khabar.kz.