Қазақ журналистикасы тәуелсіздік жылдарында ұлттық қозғалыстың, ұлттық партияның рөлін атқарып келді - Е.Қарин
"20 жылда күн тәртібіндегі ұлттық мәселелердің болуы шын мәнісінде негізінен қазақ журналистикасына арқа тіреп келді. Қазақ журналистикасы, қазақ басылымдары тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде шынында ұлттық қозғалыстың, ұлттық партияның рөлін атқарып келді. Себебі елімізде нақты бір зияткер, институционалды формасы, саяси бірлестік болмаған жағдайда қазақ басылымдарында осы уақытта тіл мәселесі, дін мәселесі, жер мәселесі, кейінгі уақыттарда жиі көтеріліп жүрген латын қарпі, жалпы өзекті мәселелердің барлығы қайтадан көтерілуінің арқасында ғана күн тәртібінен түспей отырды. Оның әрдайым айтылып отыруының нәтижесінде ғана шешімін тауып жатты. Ол шын мәнісінде белгілі бір күштердің немесе саяси ұйымдардың емес, қазақ басылымдарының беттерінде көрініс табуынан болды" - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде 2532 газет-журналдар бар болатын болса, соның 500-дейі ғана қазақ тілінде жарыққа шығады. "Кішкентай ғана сан қарап отырсақ. Алайда осы сан жағынан аз қазақ басылымдарының арқасында қазақ қоғамында күн тәртібіндегі ұлттық мәселелер орындалып келді", - деп түйді сөзін Е.Карин.
Шара Алаштың тілі, көзі, һәм құлағы болған "Қазақ" басылымының 100 жылдығына арналып отыр.