Кастингке спорттық дене бітімі бар, бойы 170 см кем емес, 17-45 жас аралығындағы ер адамдар қатыса алады. Сонымен қатар телехикая түсіріліміне 17 мен 60 жас аралығындағы ер және әйел адамдар қажет. Үміткерлердің актерлік тәжірибесі болғаны абзал, сондай-ақ кастингтің міндетті шарты - қазақ тілін жетік меңгерген болуы және атпен салт жүре білулері қажет. Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілер фотосуреттері мен сауалнамаларын kaz.hanstvo@mail.ru электрондық поштасына жібере алады, деп хабарланған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында.
17:24, 01 Наурыз 2015
«Қазақфильм» АҚ қазақ хандығынан сыр шертетін тарихи-драмалық телехикаяға түсуге үміткерлерді іріктемек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» жұмыстық атауымен аталатын тарихи-драмалық телевизиялық сериал түсіріліміне кастинг жариялайды.