«Қазақфильм» АҚ президенті Бақыт Қайырбеков қызметінен кетті
19:01, 09 Тамыз 2019
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін БақытҚайырбеков ұжымымен қоштасып, алдағыуақытта қай жерде жұмыс істейтінінің белгісіз екенін, шығармашылықпен айналысатынынжеткізді»,- деді «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Бауыржан Үсенов.
БақытҚайырбеков - ақын, режиссер, сценарист, 10 поэтикалық жинақтың және көптегендеректі фильмдердің авторы.
Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстанкинематографистер одағының мүшесі. Ол «Білім және медениет» телеарнасыныңдиректоры болды.
Қазақстанныңеңбек сіңірген қайраткері. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелікмедалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
«Қазақфильмнің»жаңа президентінің есімі әлі жария етілген жоқ.