«Қазақфильм» Елбасының балалық шағы туралы фильм премьерасының Қазақстан қалаларында өтетін күндерді атады

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - «Қазақфильм» акционерлік қоғамы Елбасы шығармаларының желісімен түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты көркемфильм премьерасының Қазақстан қалаларында өтетін күндерді атады.

Киностудияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, көркемфильм Алматыда «Арман» кинотеатрында 14 сәуірде көрсетілсе, 16 сәуірде - Талдықорғанда «Star cinema» кинотеатрында, 20 сәуірде Қарағандыдағы «Сары жайлау» кинотеатрында, 22 сәуірде Павлодардағы Ш.Айманов атындағы кинотеатрда көрсетіледі. Фильм премьерасы сондай-ақ Ақтау, Орал, Өскемен, Шымкент және Тараз қалаларында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, көркемфильмнің 7 сәуірде Астанада өткен тұсаукесеріне Елбасының өзі қатысқан болатын.

Фильмнің авторлары Шахимарден Құсайынов және Рүстем Әбдіраш. Фильмнің сценарийі Н. Назарбаевтың «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» атты шығармаларының желісімен жазылған.