«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

Фото: None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып Арман Асенов тағайындалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Асенов1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген. Актер,продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы»ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚпродюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған. Қазақстанжастар одағы сыйлығының лауреаты. Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлықмедальдармен марапатталған.

Айтакетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президентіқызметінен кеткен болатын.


Фото: brod.kz

Соңғы жаңалықтар