«Шартқа сәйкес, байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады. Сценарий көлемі 5-20 бет болуы керек. Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған сценарий немесе әдеби шығармалар желісі бойынша (бір немесе бірнеше авторлар) болуы тиіс. Үміткерлердің білімі арнайы немесе кинематография саласына жақын болуы қажет, сондай-ақ бұрын сценарийші немесе режиссер ретінде жасаған жобалары болғаны абзал», - делінген баспасөз баянында.
Сценарий мазмұнында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері болмауы керек. Сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер бар сценарийлер де қатыстырылмайды.
«Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілуіне кепілдік бермейді. Сценарийлер 2017 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.