«Біз «Қазақфильмге» National Geographic-тің үлгісіне сүйене отырып Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіруді тапсырдық. Ондағы басты мақсат туған өңір тарихын тану. Өйткені біздің тарихымыз бен салт-дәстүріміз өте бай. Бізде тау да, өзен де, теңіз де бар. Жуық арада осылардың барлығын теледидардан тамашалау мүмкіндігін аламыз», - деді ол.
14:21, 17 Қыркүйек 2014
«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильм түсіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев айтты.