Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Дархан Мыңбай айтты.
«Соңғы жылдары қазақ кино өнері үлкен туындылармен толықты. Тек өткен жыл көлемінде 25 қазақ киносы прокатқа шықса, биылғы жылы 37 фильм көрермендерге жол тартты. «Қазақфильм» тұсауын кескен туындылар халық алғысына бөленіп, сарапшылар тарапынан қайталанбас туындылар ретінде бағаланып жатыр», - деп тоқталды министр.
«65-ші Канн фестивалінде «Студент» және «Жаужүрек мың бала» фильмдерін беделді халықаралық дистрибьютерлер әлемдік прокатқа шығару үшін сатып алды. Жасыратын несі бар, бұл да соңғы уақытта қол жетіп отырған құбылыс, осы үшін де «Қазақфильмнің» жұмысын бағалай аламыз», - деп түйіндеді Д. Мыңбай.