Kazakh Invest инвесторларды сүйемелдеу орталық офисі ретінде бекітілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kazakh Invest ұлттық компаниясы инвесторларды сүйемелдеу орталық офисі ретінде бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметіинвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің жұмысын ұйымдастыру жаңа ережелерін,сондай-ақ инвестиция тарту және инвесторлармен ОМО және ЖАО тарапынанәріптестікті орынату тәртіптерін бекітті. Жаңа ережелерге сәйкес, инвесторларғақызмет көрсету үшін үш деңгейлі жүйе құрылды.

«Құжатқа сәйкесинвесторлар үшін бас операторы ретінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясыбекітілді. Қомпанияға бұл салада бірқатар міндеттер жүктелді, оның ішінде,еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы таныстырылым жасау және консультациялардыөткізу, мемлекеттік қызметтерді және басқа мемлекеттік ұйымдармен берілетінқызмет түрлерін алу кезінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойыншаәрекеттесу және т.б», делінген хабарламада.

«Кейбір мемлекеттікқызметерді алу тәртіптері өзіміздің азаматтары білмейді, инвесторлар туралы неайта аламыз? Бүгінгі таңда «бір терезе» инвестиция тарту кезекті түрі болыпғана қоймай, басқа, жаңа механизм болып қалыптасу керек. Ол мәліметкеқолжетімділігін, еліміздегі рәсімдердің ашықтығын, инвестициялық жобаның іскеасырудың әр кезеңінде қолдауды, туындаған сұрақтардың шешілуіне өз септігінтигізеді», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК« АҚ басқарма төрағасыныңорынбасары Біржан Қанешев.

Айта кету керек,қызмет көрсету бойынша сытқы деңгей ретінде Қазақстанның шетелдегі ұйымдарыжәне елімдің инвестициялық саясатты іске асыруға жауапты шетелдік өкілеттіктербекітілді. Өңірлік деңгейде инвесторларға қызмет көрсету үшін арнайымамандандырылған фрон-офистерді құру жоспарланып отыр.

Аталған мекемеде жергіліктіатқарушы органдардың, ХҚКО-ның, «Атамакен» РКП-ның, «Даму» КДҚ-ның,әлеуметтік-кәсупкерлік корпорацияларының қызметкерлері және көші-қон, кедең,салық органдарының өкілдері, сондай-ақ монополисттер, нотариустар жәнеаудармашылар жұмыс істейді.

Мамандардыңайтуынша, бұл өзгерістерді қабылдау «бір терезе» қызметің ұйымдастырудыүйлестіріп және инвесторлар үшін мемлекеттік және тағы басқа қызмет түрлеріналуды жеңілдетеді. Өз кезегінде бұл еліміздің тартымдылығын және инвестициялықәлеуетінің деңгейін аттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек,2018 ж. – 2019 жылдың I ж.ж. ішінде инвесторлар тарапынан KAZAKH INVEST ұлттықкомпаниясына 3 мыңнан астам ауызша және жасбаша өтініштер түсті. Инвестициялықомбудсмен қызметі аясында 91 өтініш түсіп, оның жартысы өз шешімін тапты.

«KAZAKH INVEST» ҰК»АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағыныштыұйымы. Компания ҚР Үкіметінің мүддесінбілдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанындаинвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру жәнеодан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қосаалғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлінатқарады.

Соңғы жаңалықтар