Kazakh Tourism мен Өзбекстанның Ұлттық PR-орталығы тарихи меморандумға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — KITF 2026 көрмесінде Kazakh Tourism мен Өзбекстанның Ұлттық PR-орталығы арасында тарихи меморандумға қол қойылды. Мақсат — Орталық Азияда туристер үшін біртұтас кеңістік құру. Бұл туралы «Kazakh Tourism» компаниясы мәлім етті. 

Фото: Kazakh Tourism

Не өзгереді?

Шекара бағытында туристік автобустарды басымдықпен (кезексіз) өтуін пысықтау. Ал маршруттар бойынша Жібек жолы бойымен бірлескен теміржол круиздерін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар әлемдік нарықта ортақ маркетингтік науқандар жүргізілмек.  Инфрақұрылым саласында Астана мен Ташкенттегі жаңа қонақүйлерді қолдау көзделген.

— Біздің міндетіміз — көзге көрінбейтін кедергілерді жою. Елдеріміз арасындағы саяхат барынша кедергісіз әрі жайлы болуы тиіс, — деді Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Талғат Газизов. 

Компания Орталық Азияны әлемдік картадағы үздік бағытқа айналдыру үшін ресурстарды біріктіруге дайын екенін жазды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар министрі Алдаржавхлан Жуковпен кездескен болатын. Министр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы серіктестіктің әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, ұлттық спорт түрлерін дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы өзара іс-қимылдың маңызына тоқталды.