«Kazakh TV» арнасының эфирінде «EXPO 2017» жаңа жобасы көрсетіледі

АСТАНА. 15 тамыз.ҚазАқпарат - «Kazakh TV» арнасының эфирінде «EXPO 2017» жаңа жобасы көрсетіледі.

Халықаралық көрменің Астанада өткізілуі - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. EXPO 2017- «Болашақ энергиясы» тақырыбы энергия үнемдеуде әлемнің үздік технологияларын тартуға және баламалы энергия көздерін қолдануда жаңа технология әзірлеуге мүмкіндік береді. Астана осы саладағы әлемдегі үздік жобалар мен трендтердің тиімді алаңына айналмақ.

Ауқымды көрмеге елдің қалай дайындалып жатқанын көрсететін: соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері мен қызықты фактілерді әр бейсенбі күні «Kazakh TV» арнасынан көріңіздер.