«Kazakh TV» арнасы директорының міндетін атқарушы Аниса Бердина «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібайдың бұйрығымен биылғы 11 желтоқсанда «Kazakh TV» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды»,-делінген таратылған мәліметтерде.
Айта кетейік, «Kazakh TV» 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Caspionet» телеарнасының орнына хабар таратуда. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілінде әдемнің 93 елінде таралған. Телеарнаның әлеуетті аудиториясы 253 млн. үй-жайды құрайды.