«Kazakh TV» «Turksat» жерсерігі арқылы ақпарат тарата бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кazakh TV» Қазақстанның ұлттық жерсеріктік телеарнасы енді «Turksat» жерсерігі арқылы да қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Kazakh-tv.kz-ке сілтеме жасап.

«Хабар» агенттігі әлемнің жетекші жерсеріктікоператорларының бірімен ақпарат тарату жөнінде келісімге тұрды.

9 тамыздан «Turksat» жерсерігі арқылы «Кazakh TV»арнасының көрсетілімдері көрерменге жол тартты. Осылайша, Қазақстанның ақпараттық-танымдық ұлтықарнасы Түркия елі аумағындағы жерсеріктік телеөнімнің 20 миллиондықаудиториясына өз жаңалықтарын таратуға қол жеткізді.

Айта кетейік, «Turksat» аталмыш мемлекеттегі ең іріоператорлардың бірі болып саналады. Компанияның телекоммуникациялық қызметтерінің географиялықауқымы кең, ол Азия мен Африка кеңістігін толықтай қамтиды.


Соңғы жаңалықтар