Kazakhstan Fashion Week: Отандық дизайнерлер қандай тренд ұсынады
Республика сарайында өтіп жатқан үшкүндік шарада Қазақстанның 17 дизайнерінің, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстан сәнгерлерінің киім үлгілері көрсетілетін болады.
KFW шымылдығын тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжан ашты.
Дизайнер былтыр КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл толуына орай алғашқы коллекциясын таныстырған болатын.
Подиумдағы шеруге Марат Бисенғалиевтің дирижерлігімен Алматы симфониялық оркестрі музыкалық сүйемелдеу жасады. Келесі дизайнер Тоқтар Сейілбеков (Tosi) әйелдерге арналған pret-a-porter коллециясын көрсетті. Ал Тамара Ламанукаева кең жеңді, жакет смокингтерін, кешкі жиын киімдерін көрсетті.
KFW 25 маусым ішінде көкжиегін айтарлықтай кеңейтті. Биыл көрсетілімдер Шымкент (26, 27 қазан), Ақтөбе (6, 7 қараша) және Астана (21-23 қараша) қалаларында өтеді.