«Kazakhstan Open» гольф турнирінде жасалған екі соққы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Нұртау» гольф-клубында өтіп жатқан 11-ші халықаралық «Kazakhstan Open- 2015» турнирінде қатарынан екі Hole-in-one соққысы жасалған болатын. Бұл, турнир тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Осыған байланысты Еуропа челлендж тур ұйымының директоры Алан де Соултре өз пікірін білдірді.

«Бұл «Қазақстан оупен» турнирі тарихында ғана емес, Еуропа челлендж туры тарихында тұңғыш рет орын алып отырған бірегей оқиға. Бір турнирде, бір күнде арасы 10 минуттан екі hole-in-one соққысы жасалды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енуі де мүмкін. Бірақ, біз бұған дейін мұндай іспен айналысып көрген жоқ едік. Дегенмен, осында Еуропа туры ұйымының қызметкерлері жүр. Олар бұл оқиғаға қызығушылық танытулары мүмкін. Қалай болғанда да, осы екі соққының арқасында енді шет елдіктер Қазақстан туралы көбірек білетін болады. Бұқаралық ақпарат құралдары бетінде бұл туралы көп жазылатын болады. Сонымен қатар, Қазақтанда ғана емес, бүкіл әлемде гольфқа деген қызығушылық арта түседі», - деді Ален де Солутре.

Ал «Қазақстан оупен» гольф турнирі одан әрі жалғасуда. Әзірге гольфшы Ким Сивон (АҚШ) алда келеді.

Айта кетелік, гольфтан Еуропа челлендж туры Еуропа турының екінші дивизионы болып саналады.