Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтауға 5 млн доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – Qazaqstan ұлттық павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Балқаш көлінің су ресурстарын басқару: Халықаралық ынтымақтастық, зерттеулер және қаржыландыру» атты тақырыптық іс-шара өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды. 

Фото: Google Earth

Басқосуда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы А. Жақанбаев, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы қызметтер жөніндегі EО өңірлік директоры Виктор Коваленко сөз сөйледі.

Қазақмыс корпорациясы бар өңірлерде қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті түсінеді және олардың орнықты дамуы бойынша міндеттемелерді өзіне алады. ESG қағидаттарына сүйене отырып, компания экологиялық бастамаларды белсенді қолдайды. Атап айтқанда, Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға ерекше назар аударады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш көлінің су деңгейі Балтық жүйесімен 341 метрге жеткенін хабарлаған едік.